Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ
Мәлімет
«Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрыққа(жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.04.2023 ж. №95 бұйрығы) 10-қосымшаға сәйкес «Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары мен «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленушіні және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №235 бұйрығы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы17 ақпандағы №ҚР ДСМ-16 бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық−эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларынасәйкес №48 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған жекелеген санаттағы балаларды 2025-2026 оқу жылында мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамту мақсатында 2025 жылдың 26 тамызында мектепішілік тамақтанудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия (әрі қарай-комиссия) құрамын, сондай-ақ білім алушылардың мектеп асханасында тиімді және сапалы тамақтануына басқада жауапты мамандарды бекіту, ауыз су режимін ұйымдастыру және тыйым салынған тамақ өнімдерін мектеп асханасында пайдаланбау туралы бұйрықтар қабылданды.
Бұйрықтарда 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес бастауыш 1-4 сынып білім алушыларының тегін тамақтануы, комиссия құрамы 7 (жеті) адамнан құрылғаны, сондай-ақ тамақтандыру жұмысына жауапты мамандардың бекітілгені және мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында үздіксіз мониторинг жүргізіліп отырылуыкөрсетілді.
Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес мектептің әлеуметтік қызмет мамандары тарапынан 2025 жылдың тамыз айында атқарған жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күні бастауыш 1-4 сыныптар аралығында білім алатын 84 білім алушы мен жекелеген санаттағы, 5-11 сыныптар аралығында оқитын 26 білім алушы, жалпы саны 110 ( жүз он) білім алушы 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап 2 ауысымда мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылады.
Жинақталған барлық құжаттар жинағы қыркүйек айында мектептің Ұлттық білім беру деректер қоры базасына енгізіліп, жалпы білім алушыларды мектеп асханасында тамақтандыру жұмысы алдағы мектеп әкімшілігі және алқалық орган мүшелері тарапынан оқу жылы бойы ұздіксіз қадағаланатын болады.Өз кезегінде балалардың үздіксіз тамақпен қамтылу жұмысы 2025 жылғы 8 қаңтардағы келісім-шартқа байланысты өнім беруші Омарбекова Алмакуль Макулбековнаға (ЖК «Үміт) міндеттелді.
Өз кезегінде комиссия құрамы жұмыс мақсатына сай айына екі рет мектеп асханасына мониторинг жүргізіп, мониторинг нәтижесі ай соңында комиссия отырыстарында қаралып, тиісті шешімдер қабылданатын болады.
Мектепте білім алушылардың улану жағдайларының алдын алу мақсатында, тамақтану сапасын қадағалау жөніндегі бракераж комиссияларының жұмысы күшейтіліп, тыйым салынған өнімдердің сатылуына жол бермеуіне, санитарлық талаптардың сақталуын қадағаланып отырғанын әлеуметтік педагог С.Асықбаева, мектеп медбикесі А.Рахымбаева оқушыларға дұрыс тамақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отқан білім алушыларға, әлеуметттік педагог білім алушылардың сапалы тамақтануын асхананың тазалығын үнемі бақылау жұмыстарын жүргізіп отыр.
Дайындаған. Әлеуметтік педагог С.Асықбаева



