Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің тамақтанудың сапасына мониторинг                   жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссиясының (әріқарай- комиссия) 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 30 қыркүйегінде Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің мәжіліс залында комиссияның қаңтар айындағы кезекті отырысы өтті.

Отырысқа, Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп директоры А.Сейпишева төрайымдық жасап комиссия мүшелері барлығы 7 адам қатысты. Отырыс хатшысы А.Хакимова болды.

Отырыс комиссия төрайымының алғы сөзімен, қатысушыларды отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерімен таныстыруымен ашылды. Төраға өз сөзінде республиканың кейбір білім беру ұйымдарының асханаларында санитарлық талаптардың өрескел бұзылып, анықталған жайсыз жағдайларға байланысты бүгінгі күні министрлік және тиісті қадағалау мекемелері тарапынан мектеп асханаларында санитарлық талаптарды сақтау жұмысының, яғни аталған комиссия жұмысының да күшейгенін айтып өтті.

Отырыста келесі болып сөз алған мектеп асханасында білім алушылардың ата-ана есебінен және тегін тамақпен қамтылу жұмысына жауапты маман, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мырзатаева қыркүйек айынан мектеп асханасында бастауыш 1-4 сынып оқушылары мен 5-11 сынып аралығында оқитын, жалпы саны 110 білім алушы бір мезгіл тегін тамақтанды, қалған білім алушылар ата-ана есебінен ақылы тамақтанып отыр, асхананың материалдық жабдықтармен қамтылу мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау бойынша ұйымдастырылған қаңтар айындағы комиссия тексерістері

«Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №231 бұйрығының 1-қосымшасы 2-тарау 3-параграфының 109 тармақшасы,"Денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарында тамақтану стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 наурыздағы №16 бұйрығына сәйкес жүргізілді деді.

Мәжілісте келесі болып сөз алған комиссия мүшесі, мектептің әлеуметтік педагогы С.Асықбаева қазан айындағы комиссияның мониторингі барысында асхана қоймасында, ас дайындау бөлмесі мен тамақтану залында санитарлық талаптар сақталып, кемшіліктер анықталған жоқ. Бүгінгі күні аудандық білім ошқтарында тегін тамақтанатын жекелеген санаттағы білім алушыларға ата-аналары арқылы ваучер алу жұмысы қарқынды жүргізіліп отыр деп айта келе база бойынша аталған жұмыс бағытына сынып жетекшілерде белсенді атсалысуда. Жекелеген санаттағы білім алушыларды мектептің ұлттық білім беру деректер қорына (ҰББДҚ) енгізу жұмысы толық аяқталып, ақпараттық бағдарламалық кешен «Әлеуметтік әмиян» порталына білім алушыларды енгізу жұмысы жүргізілуде деп баяндады    

Комиссия баяндамашылардың сөзін тыңдап, қорыта келе отырыс соңында мектептің интернет ресурсының «Мектептік тамақтандыру» айдарында оқу жылы бойы үздіксіз мониторинг жүргізілсін. Білім ошағында жауапты мамандар тарапынан ваучермен жұмыс жасау, бейне сәйкестендіру, мектепке арналған бизнес әмиянға тіркелу бизнес әмиянды орнату жұмыстарын жүргізу, орнату мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары   жүргізіліп, өнім беруші-мердігермен бірлесе отырып жұмыс бағыттары     пысықталсын. Атқарылатын жұмыс бағыты комиссия тарапынан оқу жылы бойы үздіксіз қадағалансын. Мектепте «Әлеуметтік әмиян» порталына білім алушыларды енгізу жұмысы жандандырылып, шешімін табуға барлық жағдай жасалсын. Шешімнің орындалуын қадағалау әлеуметтік педагог С.Асықбаеваға жүктелсін, деген шешімдер қабылдады.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ