Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ
Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінде, сапалы әрі қауіпсіз тағам өнімдерін таңдау мәселелері бойынша сауаттылық деңгейін арттыру, тағам өнімдерінің таңбалануын оқып түсіну бойынша тұрақты дағдыларды қалыптастыру, сондай—ақ ұтымды тамақтану арқылы халықтың өз денсаулығына жауапты және саналы көзқарасын қалыптастыру мақсатында "Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң —денсаулығыңды сақтайсың" тақырыбында бейнеролик көрсетілді, "Дұрыс тамақтану—денсаулық кепілі" тақырыбында ақпараттық—түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1. Тауық еті қосылған вермишель сорпасы
2. Алма
3. Жемістерден кампот "С"
4. Бидай наны
Тегін тамақтануды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік педагог 5 санаттағы мектеп оқушыларына жеке құжаттар пакетін қалыптастырды. 2025-2026 оқу жылына 44 оқушы тегін тамақтануға өтініш берілді. Мониторинг келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: Бракераж және мониторинг комиссиясының жұмысы бойынша есепке алу құжаттамалары жүргізіледі. Бракераж және мониторинг комиссиясының бұйрығы, бракераж комиссиясының құрамы құрылды, жұмыс жоспары, актілердің, хаттамалардың болуы бекітілді; Бекітілген мәзір бар (күнделікті және перспективалық мәзірдің болуы) Шикі және дайын өнімдердің бракераж журналы бар; Есептерді интернет-ресурста орналастыру; Жұмыс шеңберінде визуалды тексеру жүзеге асырылады: Мектеп асханасындағы мектеп әкімшілігінің кезекшілік кестесі. Оқушылардың тамақтану режимі (кесте, тамақтану уақытының ұзақтығы асхананың жұмыс режимі); Ауыз су режимін сақтау, экологиялық таза су ішуді қамтамасыз ету.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында баланың әлеуметтік-материалдық және отбасылық жағдайларына байланысты мектеппен қамтамасыз етілмеуінің алдын-алу бойынша рейдтік шаралар және әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебінің ұжымы 100 мыңға 2 оқушыға мектеп киімдерін алып берді. Ақерке балабақша ұжымы 50 мың теңгеге 1 оқушыға мектеп формасын, сөмке кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Қамқоршылық кеңес мүшелері 45 мың теңгеге 1 оқушыға мектеп құралдарын алып берді. Депутат Жасұлан Абенов 30 мыңға 3 оқушыға мектеп құралдарын алып берді.
Аманат партиясынан 27 мыңға 1 оқушыға мектепте қажетті спорттық киімдерін алып берді. Ақтөбе ауылының имамы Қоспанов Абусейт 100 мың теңгеге мектеп формасы, спорттық киімдер, оқу құралдарымен қамтамасыз етті.
Аманат париясының демеушілігімен әлеуметтік қамқорлықтағы 3 сынып оқушысы Жанат Фариза Қуатқызына сырт киім қыстық куртка берілді.
Демеушілік тарапынан Такирова Заринаға сырт киім қыстық куртка берілді.
Жаңа жыл мерекесіне қарсы әлеуметтік қамқорлықтағы мектебіміздің 3сынып оқушысы Жанат Фариза Қуатқызы және Кантай Мариям Маратқызы, үйден оқитын Сиқымбай Бекарыс Серікұлы әкімнің аудандық шыршасына қатысып сыйлық және шоттарына ақша аударылды.







