Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің
«Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ

МЕНЮ

     Мектептің әлеуметтік-педагогикалық жұмысының мақсаты:

Мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу, мектептің әлеуметтік әл-ауқатын арттыру.

Міндеттері:

  • Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын жан-жақты зерттеу және болжау, сол арқылы әлеуметтік шаралардың орындалуын қамтамасыз етіп, бала үшін білім алуға қолайлы орта құру;
  • «Бала-отбасы-мектеп» моделіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмыс негізінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
  • Оқушылардың құқықтық, әлеуметтік білімі мен жауапкершілігін қалыптастыру, баланың жан-жақты дамуын әлеуметтік-педагогикалық сүйемелдеу.

Әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – мектебіміздегі жетім және жартылай жетім,көп балалы,аз қамтылған отбасыларынан шыққан,ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылар мен ерекше білімді қажет ететін балаларды әлеуметтік қолдау және әлеуметтік зерттеу жұмыстары
Мектепте тамыз айының 29 жұлдызында бекітілген өндірістік бұйрыққа сай мектеп әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілген әлеуметтік педагогтың жоспары бойынша келесі жұмыстар атқарылды.
Тамыз айында 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын дайындап, әдістемелік бірлестік отырысында қаралып бекітілді. Мектеп бойынша әр отбасының әлеуметтік статусы анықталды. Тізімдері жасалынды. Оқушылардың жалпы саны: 223. Ұл бала -97, қыз бала-126. Толық емес отбасы бала саны-16, бар. Өгей әкесімен тұратын -2 оқушы, өгей шешесімен тұратын оқушы-1, сенім хатпен тұратын оқушылар -8. Үйден оқитын-3 оқушы бар. Әлеуметтік қамқорлықтағы барлық оқушылар кітаппен қамтамасыз етілді. Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасы және картатекасы жасалынды. Соның ішінде: жетім және ата ана қамқорлығынсыз қалған оқушылардың , көп балалы отбасы балаларының, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларының және үйде оқытылатын оқушылардың тізімі жасалынды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың ПМПК қорытындылары жинақталып, үйден оқитын балалар анықталды.

© 2026 Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектебі» КММ